Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтемен кездесті

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Ақордада өткен кездесудің ресми рәсімінен кейін шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте халықаралық және аймақтық ұйымдардағы ынтымақтастық пен екіжақты өзара іс-қимылдың ең өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында сталиндік лагерлерде зардап шеккен және репрессияға ұшыраған литвалық азаматтар жайында мұрағаттық құжаттарды Литва Президентіне берді. Өз кезегінде, Даля Грибаускайте Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық солдат Қабибула Саленовтың Литва зерттеулер орталығы мұрағатында сақталған құжаттарының, күнделігінің, отбасылық суреттерінің көшірмесін тапсырды.
- Құрметті Президент ханым, Сіздің менің жеке шақыруым бойынша Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымыз. Қазақстан әрдайым Литвамен игі саяси және экономикалық қарым-қатынастар орнату бағытын ұстанады. Мен бұл істе бізде ешқандай да проблема жоқ деп санаймын. Біздің есептеуімізше, Литва Балтық аймағындағы маңызды серіктесіміз болып табылады. Біз іскерлік топтарға қызығушылық танытамыз. Сіздің сапарыңыз ерекше экономикалық қатынастарды орнықтыруға жаңаша серпін беретініне сенеміз. Биылғы жылы біздің еліміз бен сіздің еліңіз өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Біздің елдеріміз өз аймақтарында серпінді дамуда екені қашаннан белгілі. Сіздердің аймақтағы Литваның рөлі және біздің аймақтағы қазақстандық рөл бір-біріне өте ұқсас. Біз литвалық әріптестеріміздің Қазақстаның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына, Саммитті өткізуіне белсенді қолдау көрсеткеніне ризашылықпен қараймыз. Оған Өзіңіз де арнайы қатыстыңыз. Біз тағы да өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз. Біз биылғы жылы Литваның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалаймыз. Астанада іргесі қаланған идеялар жалғасын табатынына сенеміз. Созылып бара жатқан кикілжіңдерді реттеу жөніндегі сіздердің күш-жігерлеріңізді қолдаймыз, өйткені бізге онымен айналысуға тура келген еді. Әсіресе, Армения мен Әзербайжан арасындағы, Приднестровья, трансұлттық қауіп-қатерлер проблемаларымен біз өз уақытында айналыстық. Осы мәселеде сіздерге үлкен табыстар тілейміз. Мен Вильнюсте өтетін сыртқы істер министрлерінің кеңесі біз қабылдаған шешімдерді алға жылжыту үшін оңтайлы сәт болады деп ойлаймын. Біз Сізбен бірге екіжақты қатынастар және халықаралық жағдай туралы барлық мәселені талқыладық. Мен біз бұл жұмысты жалғастырамыз, министрлер де өзара жалғастырады деп ойлаймын. Біз өткізетін экономикалық форумда жақсы қарым-қатынастар орнығатын болады. Литвалық компаниялар біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан біздің индустриялық бағдарламамызға қатыса алады. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды бірінші орынға қойып отырмыз. Бұл істе Өзіңіз айтқандай, көлік дәлізі үлкен мәнге ие, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде, Литва Республикасының Президенті Мемлекет басшысына шақыруы, жылы шырайлы қабылдаулары мен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.
- Біз Президент мырзаға біздің екіжақты қарым-қатынастарымызға қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Батыс пен Шығыс арасындағы көлік байланысын дамытуда Қазақстан мен Литва өте маңызды рөл атқарады. «Сәуле» көлік бағытын ашу мүмкіндігі өте символдық мәнге ие. Мен Қазақстан Президенті бұл идеяны қолдап, екі елдің министрлеріне көмек қолын созғаны үшін өте разымын. Бұл тек біздің елдеріміз үшін ғана емес, сондай-ақ барша Еуропа, Қытай, АҚШ үшін маңызды. Мұндай жобалар геосаяси деңгейде біздің елдеріміз үшін де маңызды болып табылады. Әрине, осыған байланысты біз үш шартқа қол қоятын боламыз. Біздің ынтымақтастығымыздың барлық салалар деңгейінде, көлік саласында, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, мәдениет, ағарту ісі салаларында да жаңа сапалы деңгейде жаңартылуына өте қуаныштымын. Ертең, 20 жыл ішінде, алғаш рет біздің елдеріміз арасында біздің кәсіпкерлеріміздің арасында іскерлік кеңес ұйымдастырылатын болады. Ол екі жақ үшін тиімді жобаларға үлкен перспективалар ашады. Біздің еліміз индустрияландыру мен даму жөніндегі орасан жоспарларға ие екені белгілі. Литвалық бизнес тәжірибесін бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар сіздердің индустриялық дамуға атсалысу үшін келуге дайын, - деп атап өтті Даля Грибаускайте. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Литваның халықаралық аренадағы екіжақты қарым-қатынастары мен ынтымақтастығын нығайтуға өзара ұмтылысын білдіретін бірлескен мәлімдеме қабылданды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметі арасындағы білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметі арасындағы «Адамдарды кері қайтару (реадмиссия) туралы» Келісім, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Литва Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім тәрізді бірқатар екіжақты құжаттар қабылданды. Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте брифинг өткізді. - Ең алдымен, менің шақыруым бойынша ресми сапармен келгені үшін Президентке және Литва делегациясына шын жүректен тағы да ризашылығымды білдіргім келеді. Біз Литвамен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береміз. Біздің елдеріміздің халықтарын ортақ тарихымыз бен біздің дамуымыздағы заманауи жолымыздың біркелкілігі байланыстырады. Биылғы жылы Қазақстан Литва тәрізді мемлекеттің тәуелсіздігінің 20 жылдығын, ал Литва өз Тәуелсіздігін қалпына келтірудің мерейтойын атап өтеді. Өткен жылдары Еуропалық Одақтың, НАТО, БСҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың толық мүшесі болған Литва Республикасының табысты жетістіктерін атап өткім келеді. 2013 жылы Балтық елдері арасында Литва Республикасы алғашқы болып Еуропалық Одаққа төрағалық етеді. Біз үшін бұл өте маңызды. Еуропалық одақпен алдыңғы қатарлы экономикалық әріптестік бойынша еліміздің ұсыныстарын қолдау бойынша үміт артамыз. Қазақстан бірінші болып ТМД елдері арасында ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Біз Литваның біздің төрағалықты қолдағаны үшін және Астанада өткен Саммитке Сіздің қатысқаныңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан төрағалық эстафетасын Литваға бергені символдық мәнге ие. Біз де қолдау көрсетіп, көмектесетін боламыз. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқыладық және еуропалық, жаһандық және өңірлік саясаттағы өзекті проблемалар бойынша пікір алмастық. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан, дағдарыс жылдарында 23 пайызға төмендеп кеткен сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді. Біз осы жылы дағдарыстан кейінгі кезеңге қадам басамыз. 2011 жылы 7 ай ішінде сауда айналымы екі есе өсіп, 165 миллион долларды құрады. Перспективалар баршылық. Бүгінде Қазақстанда литвалық капиталдың қатысуымен 160 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда инвестицияның жалпы көлемі біздің әлеуетті мүмкіндіктерімізге әлі де болса жауап бере алмайды. Біз бірлескен жобаларды іске асыруда белсенді ынтымақтастыққа, литвалық компаниялардың Қазақстанды индустрияландыруға қатысуына мүдделілік танытамыз. Біздің өзара іс-қимылымыздың перспективалық бағыттары көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар жобаларды іске асыруға байланысты. Қазақстан, Ресей және Беларусьт елдерінің қатысуымен Кеден одағының құрылуы біздің сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызады деп санаймын. Енді екі елдің тауарлары тек жалғыз – литвалық-беларусь шекарасы арқылы өтетін болады. Білім, ғылым, мәдениет және өнер салаларындағы Үкіметаралық келісімге қол қойылуы маңызды мәнге ие. Біздің елдеріміздің халықтарына сталиндік репрессия жылдарын бірге бастан өткеруге тура келді. Литва Президентінің сапары аясында АЛЖИР лагерінде зардап шеккен литвалықтарды еске алу үшін мемориалдық тақта ашылады. Менің тапсырмам бойынша біздің мамандар қазақстандық мұрағаттарды зерттеуде үлкен жұмыстар атқарды. Сталиндік лагерлерде зардап шеккен және репрессияға ұшыраған литвалық азаматтар жайында бірнеше томдық мұрағаттық құжаттарды әзірледі. Бұл құжаттарды мен бүгін Литва Президенті Грибаускайте ханымға тапсырдым. Сөз соңында келіссөзердің нәтижесі біздің мемлекеттеріміздің кең ауқымды өзара іс-қимылды нығайтуға деген ұмтылысын анық көсрететінін атап өткім келеді. Біз диалогты үнемі жоғары деңгейде жүргізуге, біздің байланыстарымыздың серпінін арттыру туралы келістік. Астанада литвалық және қазақстандық бизнесмендердің қатысуымен экономикалық форум өтеді, іскерлік кеңес құрылады, үкіметаралық комиссия бар. Біз барлық келіссөздер іске асырылып, біздің халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді, біздің елдеріміз бен біздің халықтарымызды жақындата түседі деп сенеміз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Құрметті Президент мырза, құрметті қонақтар, құрметті Қазақстан халқы! Бүгін келіссөздерге қатысумен бірге, келіссөздер жүргізген тарихи жетістіктерімізге қол жеткізгеніміз мен үшін үлкен құрмет. Бұл біздің екіжақты және халықаралық қатынастарға байланысты. Қазақстан мен Литва көптен бері барлық жоғары деңгейде ынтымақтастық орнатқан. Біз Еуропалық Одақпен қатынаста көмектесуге тырысамыз. Сонымен қатар біз өткен жылы желтоқсанда сіздер ЕҚЫҰ тәрізді үлкен ұйымға төрағалық еткенде біз серіктестеріңіз болдық. Әрине, сіздердің Президенттеріңіздің Нью-Йоркте сөйлеген сөзі, атом энергетикасына қатысты талабы мен өте қатаң ұстанымы, аталған мәселе бойынша литвалық ұстанымға толық сәйкес келеді. Бұл мәселеде де біз ортақ тіл табыса аламыз. Біз көптеген халықаралық ұйымдар мен көп мәселелер бойынша серіктес болып табыламыз. Бұл сапарым тек саяси ғана емес, сондай-ақ біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз үшін, екіжақты қарым-қатыныстардың жаңа сапалы деңгейі үшін өте маңызды. Өз халқымен басшысы арасындағы түсіністік, жеке түсіністік – бұл өте маңызды. Сіздердің Президенттеріңізбен көптеген мәселе бойынша ортақ тіл табысуымыз, іскерлік топтарымызды қоса алғанда, біздің мекемелеріміз бен халықтың әр түрлі топтары үшін алға қарай қадам басу болатынына сенемін. Бүгінде сіздер литвалық кардиохиругтер, біздің архитекторларымыз туралы естіп, біліп жатсыздар. Бүгінде сіздер өз дүкендеріңізден біздің өнімдерімізді сатып ала аласыздар. Бұл Литва Қазақстанмен байланыс орнатқанын білдіреді. Дегенмен, Литва байланысын одан әрі жалғастыра алады. Сондықтан біз ертең, 20 жыл ішіне, алғаш рет біздің іскерлік топ арасында кеңес құрамыз. Литва мен Қазақстанның индустрияландыру бойынша жобаларға қатысу перспективасы мен ынтымақтастығы сіздің елдеріңізді дамытуда тиімді әрі көрнекті болатынын білдіреді. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін үлкен перспектива. Біз де Батыс пен Шығыс арасында жаһандық дамуға үлкен жәрдемімізді тигізіп әрі үлес қоса аламыз. Мен біздің темір жол қатынасын айтып отырмын. Біз бүгін жүктерді шығыстан батысқа және бастыстан шығысқа аз уақытта, 10 күн ішінде тасымалдау туралы іс жүзінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруға келістік. Бұл жобаны біз «Сәуле» деп атадық. Бұл сөз бізде де «күн», «жарық» деген мағына береді. Біз үшін «Сәуле» осындай әдемі ұғымды білдіреді. Бұл символдық мәнге ие, жоба болғанның өзінде, оның мәні екі халықтың тілінде ортақ мағына береді. Егер біз бұл жобаны іске қосар болсақ, Литва мен Қазақстан келешекте тек Батыс пен Қытайды ғана емес, сондай-ақ Қытай мен АҚШ арасын байланыстыратын маңызды буынға айналады. Яғни, перспектива жаһандық, онда біздің екі ел өте маңызды рөл ойнайтын болады. Қазақстан Президентінен Қазақстан, Ресей және Беларусь тәрізді үш елдің арасындағы Кеден одағы Қазақстанның ықпалымен барлық көліктік және кедендік проблемаларды, үш мемлекет арқылы қатынасты оң және тиімді шешетіні туралы қанағаттанарлық сезіммен естідім. Мен Батыс пен Еуропа арасында жүктерді тасымалдауда осындай қарым-қатынасқа ие болғанына және өте жағымды ұстаным ұстағанына өте ризамын. Сондықтан сіздердің Президенттеріңізге біздің қарым-қатынастарымызды жаңа сапалы деңгейге көтеруге, жақсартуға, ұлғайтуға деген жеке қызығушылығы мен тілегі үшін тағы да алғысымды білдіремін. Әрине, өткен жылы желтоқсанда мен Литва үшін маңызды тарихи ескерткіштер туралы, тоталитарлық режимнен, әсіресе сталиндік режимнен зардап шеккен біздің тұтқындар туралы еске салғанда, сіздер жағы мұрағатты іздеп тауып, бұл құжаттарды бізге сыйлады. Бұл тағы да елдер мен мемлекет басшылары арасындағы жақсы қарым-қатынастар мен түсіністік өте маңызды екенін көрсетіп отыр. Мен осы негізге сүйеніп, біз өзіміз, басшылар үшін ғане емес, бірінші кезекте, біздің халықтарымыз үшін және олардың игілігі үшін тағы да үлкен нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенемін. Барлық келісімдер мен жоспарланып отырған барша байланыстар үшін ризамын, мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы жылы Литваға келуге шақырдым. Өйткені келесі жылы біз біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанының 20 жылдығын мерекелейміз. Бұл өте маңызды оқиға, жақсы нәтиже. Біз бұл жобаны қолдаймыз. Бұл жобалардың перспективасы зор, тез дамитын болады, - деп атап өтті Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте.