Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Қорғаныс министрі Лян Гуанлені қабылдады
08:05, 31 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Қорғаныс министрі Лян Гуанлені қабылдады,
деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың мәселесі талқыланды.
- Біз Қазақстан мен ҚХР қорғаныс ведомстволарының бұдан былайғы ынтымақтастығы мәселесін және біздің елдердің күш құрылымдары арасындағы достық байланыстарды нығайтуды талқыладық. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін разымыз, - деді Лян Гуанле.