деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың мәселесі талқыланды.
- Біз Қазақстан мен ҚХР қорғаныс ведомстволарының бұдан былайғы ынтымақтастығы мәселесін және біздің елдердің күш құрылымдары арасындағы достық байланыстарды нығайтуды талқыладық. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін разымыз, - деді Лян Гуанле.