«Екі апта бұрын мен құқық қорғау, сот жүйесінің тиімділігін арттыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжаттың басты мақсаты еліміздегі қылмыстық саясатты гуманизациялау, декриминализациялау» болып табылады. Үкімет құқық қорғау қызметі туралы, прокуратура органдары туралы заң жобаларын әзірлеуді аяқтады. Бұл заң жобалары жақын аралықта Парламентке ұсынылады. Бұл бағытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының заңдық негізін күшейту керек», деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге Елбасы ұйымдасқан қылмыспен күреске қарсы заңнаманы нығайтуды, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті. «Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің құқықтық нормаларын нығайту қажет. Қылмыстық жазаны гуманизациялау мәселесі де қамтылуы шарт. Бұл ретте қылмыстарды декреминизациялауға, әсіресе қоғамға үлкен залал келтірмейтін экономика саласындағы қылмыстарға аса мән берілуі керек», деді Н. Назарбаев.