Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
12:19, 14 Қыркүйек 2016
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА -нің тілшісі.
Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Шортанды ауданындағы «Жәкен-1» ЖШС кәсіпорнының егістік алқаптары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көріп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі деп жоспарланған.