«Тағы бір өзекті мәселе - бұл оқулық сапасының төмендігі. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сондықтан Тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе арттыруды тапсырғанын еске салды.
«Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», - деді Тоқаев.