Агроөнеркәсіптік сектордың серпінді жобаларының қатарынан саналатын аталмыш қойманың сыйымдылығы 13 мың тонна көкөністі сақтауға есептеліп салынған. Нысан «Елдің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы көкөніс-жеміс дақылдарын өсіруді дамыту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Іске қосылған жаңа қойманың арқасында 119 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.