Мемлекет басшысы «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.