Мемлекет басшысы озон қабатын бүлдіретін заттарға қатысты Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы Заңға қол қойды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Копенгагенде 1992 жылдың 23-25 қарашасында қабылданған озон қабатын бүлдіретін заттарға қатысты Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы және Монреальда 1997 жылдың 15-17 қыркүйегінде қабылданған озон қабатын бүлдіретін заттарға қатысты Монреаль хаттамасына түзету туралы» Заңға қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.