АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер қойнауын пайдалануда заңнаманы дамыған елдердің үздік тәжірибесіне сай ету қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Жер қойнауын пайдалану бойынша Қазақстанның үлкен әлеуетін ашуымыз керек. Бізде бұл тұрғыда белгісіз мағлұматтар жетерлік. Тереңде жатқанды да, жер бетіндегісі де тиісті деңгейде зертелген жоқ. Сондықтан, алдымен осы саладағы заңнаманы дамыған елдердің үздік тәжірибесіне сай ету қажет»,-деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы пайдалы қазбалардың қоры бойынша есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін қадап айтты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.