Мемлекет басшысы Премьер-Министрге энергиясақтау бойынша «Эргономика» компаниясының тәжірибесін зерделеуді тапсырды

None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке энергиясақтау бойынша «Эргономика» компаниясының тәжірибесін зерделеуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы маған «Эргономика» компаниясын зерттеп, оған қолдау көрсетуді тапсырды. Энегиясақтау технологияларын енгізу тәжірибесін дереу пайдаға жаратамыз», - деп жазды бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.