Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қаптап кеткен комиссиялардың қатарын күрт қысқартуды тапсырды

аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке елімізде қаптап кеткен комиссиялардың қатарын күрт қысқартуды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған баяндалғанындай, әкімдіктерде әртүрлі көптеген комиссиялар құрылған. Орталық деңгейде де жағдай осындай. Министрлер, вице-министрлер жұмыс күнінің көп бөлігін әртүрлі комиссиялардың отырыстарында өткізеді. Мұндай алқалық жауапсыздық бәрінің көңілінен шығатын тәрізді, жауапкершіліктен қашқақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да Кәрім Қажымқанұлы, Сізге комиссиялардың санын күрт қысқартуды тапсырамын», деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы болсын-болмасын әртүрлі комиссиялардың отырысын жасай бермей, одан да адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті. «Комиссиялардың отырыстары басталып, жұмыс істейтін адамдарды біресе ана министрлікке, біресе мына министрлікке шақырып жатады. Мұндайда адамдар қандай уақытта бос болатындарын білулері үшін кімнің және қашан шақыратындығы туралы кесте болуы тиіс», деді Президент.