Мемлекет басшысы референдум туралы Конституциялық заңға қол қойды
19:29, 05 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.