Мемлекет басшысы ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Катар Мемлекетіне келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің іскер және қаржы элитасы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.