Мемлекет басшысы республиканың кейбір заңнамалық актілерін ҚР Негізгі Заңына сәйкестендіруге бағытталған заңға қол қойды
17:14, 30 Сәуір 2009
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заң Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін ҚР Негізгі Заңына сәйкестендіруге бағытталған.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.