Мемлекет басшысы ретінде көппартиялық жүйені дамытуға күш салуға міндеттімін - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Демакратияның басты жауы - білімсіздік пен популизм. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара береді. «Nur Otan» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. Сонымен бірге, мен Мемлекет басшысы ретінде шын мәніндегі көппартиялық жүйені дамытуға күш салуға міндеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Саяси жүйемізді жаңа жағдайға бейімдеп, оны біртіндеп жетілдіріп келеміз», - деді Президент.

Осы орайда Қ. Тоқаев саяси реформалар қоғамға қажет екенін атап өтті. Сондықтан олар міндетті түрде өз жалғасын табады.

«Демократияның басты жауы - білімсіздік пен популизм. Осыны естен шығармаған жөн», - деді Мемлекет басшысы.