СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы 3 көпірдің екеуі апатты жағдайда. Бұл жайында бүгін Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қоғамды толғандыратын тағы бір мәселе - бұл Семей қаласының көпірлері мен жолдарының сапасы. Бүгінде қалалық үш көпірдің екеуі апатты жағдайда тұр», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ҚР Президенті қаладағы жолдардың 20 пайыздан астамының жай-күйі қанағаттанарлықсыз екендігін баса айтты.
«Осынау инфрақұрылымдық проблемалар шұғыл арада шешуде талап етеді», - деді Қ.Тоқаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.