«Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру. «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды», делінген хабарламада.
11:25, 02 Қыркүйек 2019
Мемлекет басшысы: Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.