Мемлекет басшысы Шығыс-Батыс автожолын дамыту жобасы бойынша Қазақстан мен ХҚДБ арасындағы қарыз бойынша келісімді ратификациялау туралы ҚР заңына қол қойды

Фото: None
АСТАНА. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы қарыз туралы келiсiмді («Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.