«Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткім келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент бұл өңірдің халқы қашаннан еңбекқор екенін атап өтті.
«Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған. Бұл қасиеттеріңіз – көпшілікке үлгі-өнеге. Халқымыз «Еңбек – ырыстың қазығы» деген. Мен адал еңбекпен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті.
Фото: akorda.kz