17:59, 14 Қыркүйек 2022
Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады.