Баспасөз қызметі келтірген мәліметтер бойынша, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүейсінің аясында Астана қаласының денсаулық сақтау нысандарын қаржыландыру көлемі 2009 жылдан бері 2,1 есеге артқан.
Ал қаладағы энергия үнемдейтін күндізгі стационардағы аурухана төсектерінің саны 6 есеге артты. 2011 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Астана қаласында көрсетілген медициналық қызметтің деңгейі 15 есеге артты.
«Біз Мемлекет басшысының сынға алған «100 аурухана» жобасы бойынша жіберілген кемшіліктерді жоюымыз қажет»,-деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ол кепілді медициналық көмектің қаржыландыру көлемі де артып отырғандығын атап өтіп, медицина мамандарына тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасына баса назар аудару қажеттігін ескертті.