АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің жұмысын сынға алды.
«Бүгінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бар жұмысы өңірлік монополистер үшін тарифтердің кезекті өсуін бекітуге негізделген. Ал, тұтынушыларды қорғау бойынша жұмыстар жолға қойылмаған»,-деді Президент.
Осы орайда, Елбасы аталған ведомствоның төрағасы Мұрат Оспановқа тарифті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етудегі шараларды қабылдауды жүктеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.