Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында өтетін инновациялық форум жұмысына қатысады

None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы мен инновациялық жобалар көрмесі өтеді.

Екі күнге созылатын форумға (5-6 желтоқсан) қатысушылар Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының өзекті мәселелерін талқылайды.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Facebook-тегі парағында хабарланғанындай, форум ауқымында ІІ Қазақстандық лин-форум, технологиялық форсайт (болжамдау) бойынша халықаралық конференция, «Қазақстан Республикасындағы технологияларды және интеллектуальдық меншікті коммерциялау жүйесі» халықаралық конференциясы, Президенттік инновация клубының алғашқы отырысы, дөңгелек үстелдер, панельдік сессиялар және инновациялық жобалар көрмесі өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

pm.kz сайты сағат 11.00-ден бастап инновациялық форумнан онлайн-транслацияны бастайды.