Мемлекет басшысы тәжік халқына оқушылар автобусын сыйға тартты

Душанбеде мемлекет басшыларының V Консультативтік кездесуіне орайластырылған Орталық Азия тауар өндірушілерінің көрмесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстан атынан сыйлық табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: пресс-служба Акорды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazTehna компаниясы шығарған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.

<