18:18, 03 Сәуір 2009
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттерінің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.