Мемлекет басшысы төрт солтүстік облыстың әкімдерін қабылдады

None
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 тамызда Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаровты, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловті, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынды және Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовты қабылдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қ.Қожамжаров Қазақстан Президентіне аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және Бурабай туристік-курорттық аймағын дамыту туралы баяндады.

С.Біләлов Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және егін жинау науқанына әзірліктің барысы жөнінде баяндады.

Е.Арын Қазақстан Президентіне Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және қыркүйек айында Павлодарда өтуі жоспарланған Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумына әзірліктің барысы туралы баяндады.

Н.Сәдуақасов Қазақстан Президентіне Қостанай облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және құрғақшылық кезінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көмек туралы баяндады.

Кездесудің қорытындылары бойынша Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар берді.