Мемлекет басшысы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық секторына қатысты Үкіметке тапсырма берді

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президенті ел Үкіметіне 2010 жылы «Жол картасы» жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы нысандарды жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға тапсырма берді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтты.

«Мен Үкіметке 2010 жылы «Жол картасы» жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы нысандарды жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты 2020 жылға дейін ауқымды жаңарту жоспарын әрілеуді тапсырамын», деді Елбасы.