Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Елбасы сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 53 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді және ІЖӨ өсімін арттыруға үлес қосады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.