Бұл туралы ҚР Президенті Twitter-тегі парақшасында жазды.
«Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған дейін елорда жастарының әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастағандығын жазғанбыз.