«Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың «шекті бағасы» сақталуға тиіс», деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы «Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен танысқан болатын.