Елбасы бұл тапсырманы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берді.
«Біз дағдарысқа қарсы күрес бағытындағы «Жол картасы» бағдарламасының аясында екі жылда тұрғындарды жұмыспен қамтып, елдегі жұмыссыздықты қысқартып, қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылымдарды жетілдірдік. Бұл дағдарысқа қарамастан жүзеге асырылған шаралар. Біз қолға алған бағдарламалар тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. 600 мың адам жұмыспен қамтылып, 150 мың азамат жаңа мамандық иесі атанды», - деді Президент.
12:35, 28 Қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Үкіметке халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев / - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды.