«Экономиканы ынталандыру мақсатында 2014-2015 жылдарға Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлу туралы шешім қабылданғаны белгілі. Олардың ішінде шағын және орта бизнесті несиелендіруге 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл артық қаражат болғандықтан емес, конъюктураға, жағдайға байланысты бөлініп жатыр. Біз экономика өсімін тежемеу үшін бөліп жатырмыз», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы банктерді сауықтыруға 250 млрд. теңге бөлінетінін, ал индустриялық-инновациялық жұмыстарды жүзеге асыруға 150 миллиард теңге бөлінетінін еске салды.
«Халықаралық қаржы институттарымен жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасалды. Бұл - аса маңызды мәселе. Сондықтан да, Үкіметке ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін 2015 жылы транштың екінші бөлігін ашуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Ол бойынша 500 миллиардты пайдалану жолдарын білуге тиіспіз», - деді Елбасы.