Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның әскери техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды
10:00, 09 Сәуір 2012
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.