НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатына байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы Тwitter -дегі жеке парақшасында Керала штатында әуе апаты салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Үндістан халқы мен Премьер-министрі Нарендра Модиге қайғыға ортақтасып, көңіл айтатынын жазған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 тамызда Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.