«Елімізде қалыптасқан жағдай, Президенттің мәлімдемесі және оның халыққа үндеуі, сондай-ақ қабылдаған шұғыл шешімдердің астында өзіндік негіз бар. Өйткені, елді дүрліктірген теріс ниеттілер өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап беруі тиіс. Мемлекет басшысы ұсынған шараларды іске асырып, қысқа мерзімде елді қалыпқа келтіруге тиіспіз. Халық Президенттің тәртіп орнату туралы үндеуін қолдайды және түсіністікпен қарайды деп сенемін», - деді Ғұмар Дүйсембаев.
Оның айтуынша, елдегі жағдайды жақсарту үшін әр азамат өз үлесін қосу керек.
«Еліміздің біраз өңірлерінде әсіресе Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында жағдай мүшкіл болды. Қаланы қиратып, тонады, бейбіт және әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдері мерт болды. Олардың ішінде 18-19 жастағы сарбаздар да бар. Сондықтан да мен Мемлекет басшысы қабылдаған шешімдерді қолдауға шақырамын. Шұғыл шешімдер ел тыныштығы мен келешегі үшін қабылданып отыр. Ондағы мақсат – еліміздің әр азаматын қорғау», - дейді ол.