Мемлекет басшысы ұйымдасқан қылмысқа, террористік және діни экстремистік қызметке қарсы бағытталған заңға қол қойды
17:49, 29 Қараша 2011
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және діни экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заң террористік және діни-экстремистік, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың пайда болуына қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.