Мемлекет басшысы «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ОАР экс-Президенті, «Жаһандық көшбасшылық қорының» президенті Фредерик де Клеркпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ Халықаралық форумның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

***

Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманомен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын және Халықаралық форумның күн тәртібін талқылады.

***

Президент Канзас штатының губернаторы Сэмюэл Браунбекті қабылдады. Кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимыл мәселесі, сондай-ақ Халықаралық форумның күн тәртібі талқыланды.

***

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Конгресмені Эни Фалеомаваегті қабылдады. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Халықаралық форумның күн тәртібін талқылады.

***

Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады. Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық мәселесі мен Халықаралық форумның күн тәртібі талқыланды.