Мемлекет басшысы Заңдарға қол қойды

None
АСТАНА.  Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, 

деп хабарлады Президенттің  баспасөз қызметінен.

Ол денсаулық сақтауды бірыңғай басқару жүйесінің тиімді және ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға, оны қаржыландыруды жетілдіруге және жалпы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.