Мемлекет басшысы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді жариялауға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы» ҚР Заңына қол қойды
18:46, 28 Тамыз 2009
АНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Заңсыз жолмен алынған кірістерді жариялауға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Ол заңсыз жолмен алынған кірістерді жариялауға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұрудың, қаржы субъектілерінің қаржы мониторингінің, уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-қимылдарының құқықтық негізін белгілеуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.