Мемлекет басшысы Жаркент крахмал-сірне зауытын іске қосты

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күні барысындағы жалпыұлттық телекөпір аясында ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматы облысы Панфилов ауданындағы Жаркент крахмал-сірне зауытын салтанатты жағдайда іске қосты.

Аталмыш зауыт өнеркәсіпте жүгері терең өңделіп, онда толық қантты айырбастайтын өнімдер шығарыла бастайды. Бұдан бөлек, зауытпен қоса жүгеріге қатысты терең өңдеудің кластері қалыптаспақ. Сөйтіп, индустрияландыру картасы аясындағы нысан шеттен импортталатын өнімдерді отандық өніммен алмастыратын болады. Зауыт азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды болмақ.

«Панфилов ауданы өзінің жүгері сұрыптары арқылы ұдайы мақтанышқа ие еді. Алайда, бұл дәрежеден соңғы уақытта айырылып қалған едік. Оны қайтадан қалпына келтіруге тиіспіз. Осы тұрғыдан алғанда жүгеріні терең өңдеуге кіріскендеріңіз қуантады», - деді Елбасы Н. Назарбаев.