Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында да мұғалімдерді қолдау жалғасатынын айтты.
«Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өсті. Келесі 3 жылда осы мақсатқа 1,2 трлн теңге бөлінеді. Қабылданған шаралар өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, педагогикалық мамандыққа түсетіндердің орташа балы көбейді. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыра береміз» деді Президент.