Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
20:15, 27 Желтоқсан 2018
Мемлекет басшысы жүйкеге әсер ететiн заттарды бақылауды жетілдіретін заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жүйкеге әсер ететiн заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жетiлдiруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.