Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Ұлы Люксембург герцогтігінің Премьер- Министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ұлы Люксембург герцогтігінің Премьер-Министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға байланысты шын жүректен құттықтауға, сондай-ақ Сізге жаңа жеңістер мен Сіздің мәртебелі жұмысыңызда жеміс тілеуге рұқсат етіңіз.

Мен Сізбен бірге елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы ынтымақтастық және достық байланысты күшейтуге ұмтылыс жасап келе жатқанымызға қуаныштымын. Мен үшін Сізбен бірге екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібін талқылау үлкен құрмет.

Ұлы Люксембург герцогтігінің Премьер-Министрі

Жан-Клод Юнкер

Люксембург, 2011 жылғы 4 сәуір