Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Мен Сіздің басшылығыңызда Қазақстан халқы ел дамуы мен оның халықаралық ұстанымдарының артуында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, аймақ пен бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтауға тиімді үлесін қоса береді деп сенемін.
Мен Вьетнам мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас дамып отырғанына қуаныштымын. Мен бұл қарым-қатынастар екі елдің тілегі мен мүддесіне жауап бере отыра, нығайып және дами түседі деп нық сенемін.
Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті
Нгуен Минь Чиет
Ханой, 2011 жылғы 5 сәуір.