Мемлекет басшысының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәлізі туралы идеясы іс жүзіне асырылуда

АМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәлізі туралы идеясы іс жүзіне асырылуда, деді жол құрылысы учаскесінде болған ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

«Мемлекет басшысы осы жобаны дамытуға өте көп күш-жігерін жұмсады», деп атап көрсетті министр және Қазақстан аумағы бойынша көлік дәлізі құрылысы үшін - қаржыландыру, адамдармен, техникалық және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін барлығы да дайын, деп атап өтті.

Бүгінде жұмыс үш облыста кестеге сай және тәулік бойына жүріп жатыр, кейбір жерлерде кестеден де алға шығып отыр, деді ол. «Биылғы жылы жолдың негізгі табаны төменгі қабатының 300 шақырымын бітіруіміз қажет», - деп қосты Ә.Құсайынов.