«Мемлекет басшысының айқындаған міндеттерін жүзеге асырудың арқасында, сондай-ақ Үкімет пен Парламенттің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде 9 айдың нақтыланған экономикалық өсімі 7 пайызды құрап отыр. Расында, біз барлық бағыт бойынша үйлесімді әрі батыл жұмыс атқардық. Соның арқасында Елбасының 2011 жылғы 7 пайыздық өсім туралы тапсырмасы толық орындалатын болды», - деді Кәрім Мәсімов.
14:12, 13 Қазан 2011
Мемлекет басшысының биылғы жылға жүктеген тапсырмасы толық орындалатын болады - Үкімет басшысы
ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың 9 айындағы нақтыланған экономикалық өсім 7 пайызды құрап отыр. Бұл Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмасының толық орындалатынын білдіреді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлдануына байланысты сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді.