Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тұрғын үй мен денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділік, индустриалды инновациялық даму, жасыл экология, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік тілді Қазақстан халқын біріктіретін тіл ретінде дамыту сияқты жайттардың барлығы да бүгінгі күннің ең өзекті деген мәселелері.
«Президент сонымен қатар, мемлекеттің экономиканың қарапайым адамдардың мүддесі мен олардың әл-ауқатын арттыруға жұмылдырылуы тиістігін атап өтті»,-деді депутат.