Мемлекет басшысының Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысымен кездесуі барысында Қазақстанда «ЭКСПО-2017» өткізу мүмкіндіктері талқыланды
14:57, 09 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесуде, біздің еліміздің осынау халықаралық көрмені өткізудің барлық талаптарына сай екендігі атап көрсетілді.
- «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, оған елорданың қарқынды дамуы және Қазақстанның Киото хаттамасына қол қою дәлел. Оған қоса, Қазақстан энергетика саласындағы көш басындағы елдердің бірі болып табылады. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тақырыбы энергияның жаңа түрлерімен байланысты, - деді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы журналистерге арналған брифингте.