Мемлекет басшысының медициналық кадрлардың жетіспеушілігін шешу бойынша тапсырмасы орындалады - С. Қайырбекова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова Павлодар облысында барды. Жұмыс сапары кезінде министр Қашыр ауданы Песчаное ауылындағы емхана мен орталық ауруханада болды.

Аудандағы медицина қызметкерлерімен кездесуінде ол Мемлекет басшысының кадрлардың жетіспеушілігін шешу бойынша тапсырмасының орындалатынына баса назар аударды.

Осыған байланысты Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау ұйымдарын медицина мамандарымен қамтамасыз ету, ауылдағы емдеу-профилактикалық мекемелерге жас мамандарды тарту мақсатында тұрғын үй мен көтерме ақысын төлеу және басқа да әлеуметтік қолдаулар көрсету сияқты шараларға, кадр ресурстарының жұмысын жақсартуға үлкен күш салу керектігін қадай айтты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.